Кеше 2026, 01:29
Фото: freepik
Фидан: Түркия Таяу Шығыстағы соғысқа қатысуға үзілді-кесілді қарсы
Түркия басқа елдерді арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды.
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан өз елінің Таяу Шығыстағы соғысқа қатысуға үзілді-кесілді қарсы екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Ол Түркияның әскери әлеуеті жоғары екенін, бірақ қақтығысты мүмкіндігінше дипломатиялық жолмен шешу керегін атап өтті.
Фидан сонымен қатар Иранға жасалған шабуылдар мен көрші елдерге бағытталған әрекеттер дереу тоқтатылуы тиіс екенін, келіссөздерге дереу оралу қажеттігін айтты. Түркия басқа елдерді арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды.
Министр Израильдің экспансионистік саясаты мен фундаменталистік идеологиясын сынап, Газадағы гуманитарлық жағдайдың күннен күнге нашарлап отырғанын атап өтті. Фидан, сонымен қатар, Ливандағы "Хезболлаға" қарсы әрекеттер сылтауымен жаңа қылмыстар жасалуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірді және халықаралық қауымдастықты Израиль жасаған әрекеттерге қарсы тезірек шара қолдануға шақырды.