FIBA 3х3 баскетболдан бірнеше турнирдің өтпейтінін хабарлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. FIBA 3х3 баскетболдан 2020 жылға арналған ұлттық құрамалар жарысын кейінге шегерді, деп хабарлайды Olympiс.kz.

Көптеген жарыстардың өтпейтіні мамыр айында белгілі болған. Енді өткізілмейтін жарыстар тізбегі тағы да толықты. Атап айтар болсақ, 3х3 баскетболдан әлем кубогі, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем кубогі, 18 жасқа дейінгілер арасындағы әлем кубогі және Еуропа мен Азия кубогі додалары өткізілмейді.

Жоғарыдағы кубоктік доданың барлығы коронавирус індетіне байланысты ұйымдастырылмайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы