Фейк. Елде адамдарды оқшаулайтын карантиндік лагерьлер салынып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазнетте Семей маңында карантиндік лагерьлердің құрылысы басталғаны туралы ақпарат тарады. 

Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлады.

Онда адамдарды зорлықпен оқшаулап ұстайтын болады екен. Бұл жалған.

Желі қолданушыларының айтуынша, салынып жатқан лагерьлер адамдар өз еркінен тыс болатын түрмелерге ұқсайды.
Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

Бұл фейк. Қазақстанда мұндай ештеңе салынып жатқан жоқ, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Желі қолданушылары COVID-19 жұқтырған науқастарына арналған лагерьлер туралы бұған дейін де айтып келген. Мұндай қауесеттер 2020 және 2021 жылдары таралды. Екі жағдайда да хабарламалар фейк болып шықты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы