Тоқаев «Жұлдызай» фестивалінің гала-концертін тамашалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы ерекше мұқтаж балалардың шығармашылығына арналған XIV «Жұлдызай» халықаралық фестивалінің гала-концертін тамашалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Конкурстық іріктеудің ақтық кезеңіне 255 бала қатысты.

Ең таңдаулы өнерпаздар қорытынды гала-концерттің бағдарламасына енгізілді. 

Концертте фестивальға қатысушы балалармен бірге дуэтте КешYOU", Дәулет Болатов, Балжан Бидаш, Айша, Назым Абілдина сияқты отандық эстрада жұлдыздары мен «Дауыс. Балалар» жобасының жеңімпазы Максим Ержан өнер көрсетті.

***

Бұл халықаралық фестивальді Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «BI-Жұлдызай» корпоративтік қоры ұйымдастырды. Биыл шығармашылық конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның барлық өңірінен 7 758 өтінім түскен. Оның сыртында, Грузиядан, Беларусьтен, Түркиядан, Ресей Федерациясынан және Франциядан өнерпаздар қатысты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы