Тоқаев «Жұлдызай» фестивалінің гала-концертін тамашалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы ерекше мұқтаж балалардың шығармашылығына арналған XIV «Жұлдызай» халықаралық фестивалінің гала-концертін тамашалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Конкурстық іріктеудің ақтық кезеңіне 255 бала қатысты.
Ең таңдаулы өнерпаздар қорытынды гала-концерттің бағдарламасына енгізілді.
Концертте фестивальға қатысушы балалармен бірге дуэтте КешYOU", Дәулет Болатов, Балжан Бидаш, Айша, Назым Абілдина сияқты отандық эстрада жұлдыздары мен «Дауыс. Балалар» жобасының жеңімпазы Максим Ержан өнер көрсетті.
***
Бұл халықаралық фестивальді Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «BI-Жұлдызай» корпоративтік қоры ұйымдастырды. Биыл шығармашылық конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның барлық өңірінен 7 758 өтінім түскен. Оның сыртында, Грузиядан, Беларусьтен, Түркиядан, Ресей Федерациясынан және Франциядан өнерпаздар қатысты.