Ферроқорытпа зауытындағы жағдай: Мән-жайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды

Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдайға қатысты "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық әкімдік.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиға тікелей облыс әкімінің бақылауында.

8 адам зардап шеккен Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін еңбек заңнамасы шеңберінде арнайы комиссия құрылды. Оны еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Мұрат Қарақекілов басқарды. Комиссия құрамына барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілді, - деп хабарлады әкімдік.

Оқиға орны тексеріліп, куәгерлерге сауалнама жүргізілген.

Оқиға фактісі бойынша ферроқорытпа зауытында ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі бойынша "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды, - дейді облыстық әкімдік.

Еске сала кетейік, 20 шілдеде Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 адам зардап шекті.

Дәрігерлер 6 адамның жағдайы әлі де ауыр екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы