Шөкеев аграрлық ғалымдарға: Фермерлермен бірге жұмыс істеңдер

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Өмірзақ Шөкеев Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Ұлан Тәжібаевқа баяндамасында құр статистика бермей, мәселені талқылауды сұрады.

«Бұл оқырманға қызық емес. Оқыған кезде уақытты аяп кетемін. Талқылайық, бұл алқа отырыс қой, яғни ғылыми-зерттеу институттары енді сөреде жұмыс істемейді. Зертханаларда, кабинеттерде, компьютерде не боп жатыр деген бізге әкелген осындай талмудтарыңыз еш қызық емес. Алып тастаңыздар мұны. Қолдарыңыздан бір іс болсын келсе онда далаға, білімдеріңізбен бөлісетін орталыққа барыңыздар, сонда көрсетіңіздер. Көктемде егіп, жаз бойы жұмыс істеп, күзде нәтижесін көрсетіңіздер», - деді Шөкеев.

Министр әріптесі «Қазақ егіншілік және өсідік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры Андей Агеенконы үлгі етті. 

«Ол дәл осындай схемамен жұмыс істейді. Ол жерге фермерлер шақырылуы тиіс, сосын олар зерттеменің қажет бар ма, жоқ па өз бағаларын береді. Олар мұны ұстап көріп «иә, болады» деуі тиіс. Мұны қабылдауға болады, бірақ бізде басқа да мәселелер бар. Мұның бәрі айналып ҒЗИ-ға келеді және олар өздері ойлап тапқан тақырыптармен емес осы мәселелермен, яғни фермерлермен жұмыс істеп жатыр. Осылай түсіндіру керек», - деді ол.

Бұған дейін Қытайға шошқа етін экспорттау жайлы хабарлағанбыз.

Назерке Абибулла

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы