Фермерлер тегін болуы тиіс онлайн-қызметтер үшін миллиардтаған теңге төлейді - сенатор

Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатор Андрей Лукин Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады. Ол электронды мемлекеттік қызметтерді ұсыну мәселесін көтерді. 

Депутаттың айтуынша, куәсіпкерлердің қызметі COVID-19 пандемиясы кезеңінде аяқ астынан пайда болған проблемалық мәселелердің салдарынан күрделене түскен. Соның бірі –  фермерлердің субсидия беру жөніндегі ақпараттық жүйеге қол жеткізуі, сондай-ақ Qoldau.kz веб-порталын пайдаланғаны үшін ақы төлеу болып отыр.

Сенатор еліміздің заңнамасына сәйкес бұл қызметтер электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы тегін көрсетілуі тиіс екенін атап өтті. Алайда бұл порталда әлі күнге дейін мұндай мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған бөлігі жасалмаған. Сол себепті мемлекет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден ақша төлеуге тура келетін жалғыз ресурс арқылы субсидия алуға өтініш қабылдайтынын атап өтті.

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш беру мүмкіндігінің болмауына байланысты кәсіпкерлер Qoldau.kz сервисіне қол жеткізу үшін жыл сайын абоненттік төлем жасап келеді. Қазіргі уақытта аталған платформада 200 мыңнан астам ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері тіркелген, олар сервисті пайдалану мүмкіндігі үшін жыл сайын 2 млрд жуық төлем төлеуге мәжбүр болып отыр, - деді Андрей Лукин.

Депутат осыған байланысты «Электрондық үкімет» веб-порталында тегін балама қызмет көрсетуді жасау, сондай-ақ Qoldau.kz ақпараттық жүйесін мемлекеттік меншікке ауыстыру мәселесін қарау туралы ұсыныс айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы