Алматыда заманауи фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Наурызбай ауданының Қарағайлы елді мекенінде заманауи фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Пункт «Ақ Бастау» медициналық спорт кешенінің базасында құрылды, жалпы көлемі 150 шаршы метр. Енді білікті дәрігерлік көмек ықшам аудандағы тіркелген 10 560 адамға көрсетіледі, олардың 3021-і диспансерлік есепте тұрғандар.

Жаңа медициналық мекемеде жалпы практика дәрігерінің, дәрі-дәрмектерді егудің, сырқатты қараудың және аурудың алдын алудың кабинеттері жұмыс жасайды. Медициналық көмекті 6 дәрігер, 15 орташа медицина қызметкері көрсетеді.

Бұдан өзге, пункт аумағында құнды тұз шахтасы бар. Мұндай медпункттерді Наурызбай ауданының өзге елді мекендерінде ашу жоспарланған.

Еске салсақ, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездескен кезде тұрғындар қолжетімді медмекемелердің жоқтығын айтып, шағымданған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы