19 Қыркүйек 2025 2025, 15:54 Фото: - архив

Фельдшерді қорлаған тұрғын айыппұл арқалады

Жамбыл облысында медицина қызметкерін қорлаған тұрғын жазаға тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жамбыл облысында медицина қызметкерін қорлаған тұрғын жазаға тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Белгілі болғандай, мас азамат фельдшерге дөрекі сөздер айтып, оның дәрі-дәрмектері мен құралдары салынған кейсін сындырып тастаған. 

Фельдшер сол сәтте науқастың іс-әрекетінен қорқып, полиция шақырған. 

Сотта құқық бұзушы мейрамханада өткен іс-шарадан үйге келгенде аяғы ауырып, содан кейін жедел жәрдем шақырғанын айтқан. Ол жасаған ісіне өкініп, өз кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен ер адам ӘҚБтК 80-1-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 82 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды, - деп хабарлады Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.