Федор Емельяненко нокаутқа түсіп қалды
Астана, BAQ.KZ. Ресейлік Федор Емельяненко ауыр салмақта Bellator 214 турнирінің финалында алғашқы секундтарда нокаутқа түсті. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.
Кездесу Инглвудтегі (АҚШ, Калифорния штаты) Forum аренасында өтті. Емельяненкоға америкалық Райан Бейдер қарсылас болды. Кездесу бірінші секундтарда аяқталды.
Бейдер ресейліктің басына дәл соққы жасап, осыдан кейін ресейлік құлап қалды. Рефери жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады. Осылайша Бейдер екі салмақ дәрежесінде Bellator чемпионы атанды.
Салмақ өлшеу рәсімінде Емельяненко (107,1) Бейдерден (103,3) ауырлау болған. Гран-при жартылай финалында ресейлік америкалық Чел Сонненді нокаутқа түсірген еді, ал Бейдер отандасы Мэтт Митрионды жеңді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық боксшы WBC жастар чемпионы атанды
Өзгелердің жаңалығы