Федерация кубогы: Қазақстан – Бельгия матчының жеребесі тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 ақпанда Кортрейкте (Бельгия) Қазақстан мен Бельгия командаларының қатысуымен Федерация кубогының іріктеу кезеңі басталады, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
6 ақпанда жеребе тастау рәсімі өтіп, ойын кестесі анықталды.
Сонымен, Зарина Дияс әлемдік рейтингтің 19-шы сатысына жайғасқан Элиза Мертенспен ойнайды. Юлия Путинцева 115-ші орындағы Исалин Бонавентюремен кездеседі.
Келесі күні, 8 ақпанда, теннисшілер қарсыластарымен алмасады.
Жұптық сында Ярослава Шведова/Анна Данилина және Кирстен Флипкинс/Гретие Миннен матч өткізеді.
Бельгия-Қазақстан матчының жеңімпазы сәуір айында Будапештте өтетін жаңа форматтағы финалдық кезеңге жолдама алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылады
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы