Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Фатима Надырқызы Жақыпова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Парламент Сенатының депутаты Еділ Мамытбеков ҚР премьер-министрі Асқар Маминге жолдаған сауалында білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың плагиат ісімен айналысуын сұрағанын хабарлаған болатынбыз.
Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан Facebook-тегі парақшасында вице-министр Фатима Жақыпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылатынын хабарлаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандықтың анасы трансплантацияға ағзасын беруге дайын
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы