Фатима Супығалиева дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионы атанды
52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық Фатима Супығалиева финалда Украинаның өкілі Ксения Кирильчукты жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті алтын медальға ие болды.
52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық Фатима Супығалиева финалда Украинаның өкілі Ксения Кирильчукты жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Супығалиева жарысты Люксембург спортшысы Сукайна Морейруды және Мексика өкілі Констанца Акоста Клаудионы жеңуден бастады. Ширек финалда ол Жапониялық Рики Хиросені, ал жартылай финалда Израиль өкілі Яли Яхавты ұтты.
Осылайша Фатима Супығалиева кадеттер арасындағы әлем чемпионатының алтынына қол жеткізді.
Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын, екі күміс және екі қола медаль бар.
Қазақстандық Габит Расулхан 60 келіге дейінгі салмақта чемпион атанса, Адия Жанахмет пен Адильжан Нұрбекен күміс, Бекарыс Құдайберген мен Ахмет Баубек қола жүлдеге ие болды.