Фармацевтика өнеркәсібі 4%-ға артты – Атамқұлов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің онлайн отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4%-ке артқанын айтты.
2021 жылдың қаңтарында еліміздегі өңдеу өнеркәсібінде оң динамика сақталды. Машина жасау саласында нақты көлем индексі 116,2%-ды құрады. Автокөлік құралдары тірегі және жартылай тіркемелер, машиналар мен жабдықтар өндірісі, өзге де көлік құралдары, компьютерлер, электронды және оптикалық жабдықтар жасау өсті, - деп баяндады ол.
Министр баяндағандай, түсті металлургияда да оң өзгеріс байқалады. Өсу қарқыны 106,6%-ды құрады. Оған тазартылған алтын, күміс, құйма алтын және басқа да көрсеткіштердің өсуі есебінен қол жеткізілді.
Қара металлургияның нақты индексі 96,9%-ды құрады. Тұтынушылардың тапсырыстарының азаюына байланысты шойын өндірісі, рельстер, арматуралар төмендеді, - деп атап өтті Атамқұлов.
Кәсіпорындармен бірлесіп экспорттық әлеуетті өнімді өткізудің баламалы нарықтарына қайта бөлу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4%-ке артты. Өсу халықтың дәрілік заттар мен медициналық ұйымдарға сұранысының артуынан болды. Дезинфекциялық құралдар мен минералды тыңайтқыштарға сұраныстың артуы химия өнеркәсібінің өндіріс көлемін арттырады. Өсу қарқыны 12,8%-ды құрады, - деді ИИДМ басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы