Фархаджан Фарход болды. Шекарадан жалған құжатпен өтпек болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе шекара отрядының «Жайсаң авто» бөлімшесінде шекара наряды елімізге жалған төлқұжатпен кірмекші болған азаматты ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеруге Фарход есімді 1967 жылғы қыркүйекте туған азаматтың төлқұжатын ұсынған адам шын мәнінде 1967 жылдың тамызында туған Фархаджан есімді Қазақстан Республикасының азаматы екендігі анықталды.

"Ұсталған азаматтың айтуы бойынша, 2011 жылы Ресейге жұмыс іздеп барған ол бір жылдан кейін ақшасы мен құжаттарынан айрылған екен. 2015 жылға дейін көрші елде құжатсыз қаңғырған ол сол жылы Мәскеудің Комсомольск метросында жалған төлқұжат, жүргізуші куәлігі мен уақытша тіркеу куәлігін сатып алып, Балашихадағы саяжайларда емін-еркін жұмыс істепті" - делінген хабарламада. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы