Астанада "Фараби сазы" оркестрінің тұсауы кесілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда күні және Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына қарасты Әл Фараби атындағы оқушылар сарайында тұңғыш оқушылардың "Фараби сазы" оркестрінің тұсауы кесілді.
Мақсаты - Елорда күні мерекесін және оның қалыптасуы мен өркендеуіндегі Елбасының ерен еңбегін жан-жақты насихаттау және халқымыздың қасиетті аспабы - домбыраның мәні мен маңызын түсіндіру. Сонымен қатар, Ұлттық домбыра күні мерекесі қарсаңында әл-Фараби есімін иеленген Оқушылар сарайының "Фараби сазы" оркестрінің тұсауын кесіп, қалың жұртшылыққа таныстыру. Елордамыздағы талантты оқушылардың өнеріне құрмет көрсету арқылы олардың бойында еліне, ұлтына деген сүйіспеншілік құндылықтарын қалыптастыру, - деп хабарлады "Фараби сазы" оркестрінің көркемдік жетекшісі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Қорғанбек Шолпан Ділдәбекқызы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Туған күніне орай елорда қалай түрленді?
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы