Ежелгі дәстүр жаңғырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағына да тақадық. Халқымыз көктемнің бұл кезегінде өткенге шүкір десіп, ертеңге үміт артқан. Береке-бірлік, ынтымаққа бастайтын мерекенің ырымы ретінде Көрісу күнін ұйымдастырған.

Өткен жылдан аман-есен шыққанының белгісі ретінде ағайын-туыс, дос-жаран бас қосып, соғымнан қалған сүрін асып, ағын қосып, асыр салып, той жасаған. 



Ежелден келе жатқан осы дәстүрдің бір көрінісі елордадағы «QAZAQ GOURMET» мейрамханасында өтті. 



Алғаш рет ұйымдастырылған салтанатты шарада қонақтарға қазақтың ұмыт болған көне жеті түрлі тағамы ұсынылды.




Еl.kz сайтының мәліметінше, Наурыз көже, орама «Көктем», түйе сүтінен жасалған балқаймақ, көкөністен жасалған арнайы салат бар. 


Бас аспаз Артем Канцев батыс өңірде кең таралған тағамдарды жинақтағанын айтты. 


Осы шараны ұйымдастыруға мұрындық болған жазушы Камал Әлпейісова ата салтты жаңғырту, жастарға таныту мақсат болғанын жеткізді. 


Үлкен той дәстүрлі етсіз өтпеді. 


Меймандар арнайы әдіспен сүрленген еттен дәм татты. Қазақтың тойы ән-күйсіз өтпес. Игі шараға жиналғандар ұлттық өнерден де сусындап отырды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы