3 Шілде 2023 2023, 01:25
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі
"Ей, мен в Аманате": Ринат Зайытов партия атауын әнге қосты
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов белгілі әнге «AMANAT» партиясының атауын қосып, елді күлкіге қарқ қылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов белгілі әнге «AMANAT» партиясының атауын қосып, елді күлкіге қарқ қылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Тиек" арнасына сілтеме жасап.
Көпшілік ақынға әзіл-шыны аралас видеодағы әні үшін дән риза болған.
Ринат Зайытовты Мәжіліс отырысынан соң, тілшілер қаумалап, жібермей қойған. Сол сәтті пайдаланған ақын: «Ей, мен в Аманате, ей, сен в Аманате» деген танымал әнді орындап, елді күлкіге қалдырған.
Көпшілік трендтен қалмаған айтыскер ақынға шынайы ризашылықтарын білдіріп жатыр.
«Көңілім бір көтеріліп қалды ғой, жарайсыз», «Қатырыпты, жақсы жарасады», «Ринат мырза, айтыстағыдай нақты айтыпсыз», – деп жазды олар.