Exit-poll: сайлаушылардың сауалнама нәтижесін шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қоғамдық пікір» институты 325 сайлау учаскелерінде Exit-poll сауалнама жүргізген нәтижесін жариялады. Оның 97 облыс орталығында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, 94 кіші қалаларда, 134 учаске ауылдық округтерде сауалнама жүргізілген.
«ҚР Сайлау туралы заңының 28-бабына сәйкес, «Қоғамдық пікір» институты Орталық сайлау комиссиясын Exit poll-ды қоса алғанда сайлауды алды әлеуметтік сауалнама жүргізу туралы хабардар етті. Exit-poll үкіметтік емес, әлеуметтік емес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын «Ел тірегі» заңды тұлғалар бірлестігінің тапсырысы бойынша орындалды. Сайлаушылар сауалнама жүргізу стандарттық халықаралық әдістеме бойынша жүргізілді», - деді «Қоғамдық пікір» институтының төрайымы Айнұр Мәжитова.
Айтуынша, сауалнамаға 13200 респондент қатысқан.
«Сауалнамада респонденттерге «Айтыңызшы, ҚР президент сайлауында қай кандидатқа дауыс бердіңіз?» деген бір сұрақ қойылды. Таңғы сағат 7-ден кешкі сағатт 20.00-ге дейін сауалнаманың 6 толқыны өтті. Нәтижесінде 13200 сайлаушыға сауалнама жүргізілді. Іріктеме қателігі, шамамен 3% құрайды. Сауалнама жүргізу жұмысына 350-ден астам интерьюрлер атсалысты», - деді ол.
Exit-poll нәтижесі:
3,86 % - Жамбыл Ахметбеков;
5,32 % - Дания Еспаева;
15,39% - Әміржан Қосанов;
1,41% - Амангелді Таспихов;
3,03% - Төлеутай Рахымбеков;
70,13% - Қасым-Жомарт Тоқаев;
0,86% - Сәді-Бек Түгел.