Exit poll нәтижесі жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау бойынша Exit poll нәтижесін жариялады.
Бұл туралы «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова “Орталық коммуникациялар қызметінде” өткен брифингте мәлімдеді.
Exit poll нәтижесі мынандай:
«Nur Otan» партиясы – 71,97%
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 5,75 %
«ADAL» саяси партиясы – 3,07%
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –- 10,18 %
Қазақстанның Халық партиясы – 9,03 %
Айта кетсек, 2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-20.00 аралығында жүргізілді.