Еxit poll мен ОРК нәтижелері сәйкес келсе, өзгертулерді жүзеге асырамыз – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан  16 сағаттық онлайн марафонында  айтты. 

Бүгін exit poll нәтижелері белгілі болды. Ол Конституцияға енгізілген өзгерістерді халықтың қолдап отырғанын білдіреді. Біз Конституцияға енгізілетін өзгерістер заңнамаларына түзетулерді енгізуге қатысымыз болды. Сондықтан exit poll мен Орталық референдум комиссиясының нәтижелері сәйкес келсе, осы өзгерістерді жүзеге асырудың алдында тұрғанымызды білдіреді, - деді Мұқанова. 

Вице-министр өз жолын қалай тапқанын да айтып өтті.

Бұл – мақсат қоя білу. Мен өзімді ауылдан шықтым деп ойлаймын. Себебі мен де жергілікті жерден түлеп ұштым. Мен қоғам мен қоршаған орта шыңдады деп ойлаймын. Қоршаған ортаға деген қызығушылық пен қоғаммен бірге келетін өзгерістерді таңдау үлкен өмірге алып келеді. Мен сарапшы қызметінен бастадым, - деді ол. 

Айта кетейік, жалпыхалықтық республикалық референдумның 3 ұйым жүргізген exit poll нәтижелері белгілі болды. Бүгін ел бойынша жалпыхалықтық республикалық референдум өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы