Exit poll: Конституцияға түзетулер енгізуді халықтың 76,7 пайызы қолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан» «СОЦИС- Астана» ҚҰ жобасының жетекшісі Әлібек Тәжібаев «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан  16 сағаттық онлайн марафонында алғашқы Exit-poll нәтижесін  айтты. 

Бүгін біздің компания Қазақстанның барлық аймағында зерттеу жүргізді. Сайлау учаскелерінің шыға берісінде  350 мың қазақстандықтан сұхбат алды. 1500 интервьюер 315 референдум учаскесінде жұмыс істеді. Енді Exit-poll нәтижелері: Конституцияға түзетулер енгізуге қолдау көрсеткендер 76,7 пайыз, қарсылық танытқандар 23,3 пайыз. Сауалнама бойынша 67,5 пайыз азамат референдумға қатысқан, - деді Тәжібаев. 

Айта кетейік, бүгін ел бойынша жалпыхалықтық республикалық референдум өтті.

Жалпы алғанда, референдумда заңның 33 бабына өзгеріс енгізілді. Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылады. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен то­лық­тырулар жобасын белгілі заң­­гер-құқықтанушылар және конс­­титуциялық құқық саласы­ның ма­мандары әзірледі. Оған Конс­ти­туциялық Кеңес оң бағасын берді. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың бәрі өзара байланысты және бір мақсатты көздеді. 

«Қазақстан Республикасының Консти­ту­циясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы республи­калық баспасөзде 6 мамыр күні ресми түрде жарияланды.

Конституцияның қазіргі және жаңа нұсқалары арасындағы айыр­машы­лығын түсіну, ұсынылып отырған көптеген түзетудің байыбына бару мұндай істен хабары аз адам үшін қиындық туғызатыны анық.

Сондықтан жұртқа ұғынықты болу үшін бұл түзетулер Ата Заңның нақты баптары мен тар­мақ­тары көрсетілген бірнеше бөлікке бөлінген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғазиз ШАКИРОВ
Өзгелердің жаңалығы