Эверестегі қоқыстан өнер туындылары жасалып, музей ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Непал әлемдегі ең биік Эверест тауындағы қоқысты өнер туындыларына айналдырып, туристер үшін арнайы 3 мың 780 метр биіктікте музей ашпақ.

«Хабар 24» хабарлауынша, альпинистер қолданған оттегі құтыларын, жыртылған шатырларды, арқандарды, сынған баспалдақтар мен түрлі пластик заттарды лақтырып тастайды. Бұл қалдықтар тазартылмаса, биіктігі 8 мың 848 метрге жететін тауда өте үлкен күресін пайда болуы мүмкін. Сондықтан оларды күнделікті жинап, қайта өңдеп отыру қажет. Тіпті қоқыстан жасалған өнімдер мен әдемі естелік мүсіндерді туристерге сатуға болады. Ұйымдастырушылар былтырдан бері коронавирус індетіне байланысты Эверестке келушілер саны едәуір азайғанын айтады. Алдыңғы жылы Гималайға 80 мың саяхатшы келген екен. 

Бұл – бірегей идея. Туризмнің жандануына өлшеусіз үлес қосары сөзсіз. Сондай-ақ қоқыс менеджменті қалыптасып, өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беріледі. Эвересте өте көп қоқыс тасталады. Мұнда жыл сайын орта есеппен кемінде 60 мың турист келеді. Бұған жол көрсетушілер мен жүк тасушыларды қосыңыз, - деді қоқысты қайта өңдеу жобасының үйлестірушісі Финджо Шерпа.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы