ЕҰУ-да Иран каллиграфиясының көрмесі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іс-шара «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор Ерлан Сыдықов, Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабер, каллиграфия шебері Мохсен Ибрахими және проректорлар мен декандардың, сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің қатысуымен өтті.

Көрмені ашқан ЕҰУ ректоры Қазақстан мен Иранды тамыры терең  көпжылдық достық байланыстыратынын атты.

Бұл байланыс біздің тілдеріміз бен дәстүрлерімізде және  тарихымызда көрініс табады. Біздің елдеріміздің дипломатиялық қатынастарына 30 жыл толып отыр. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Иран жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста. Әр жылдары университет қабырғасында Иран президенті Махмуд Ахмади-Нежад және осы елдің басқа да көшбасшылары дәріс оқыды. Университетіміздің Халықаралық қатынастар факультетінде «Ирантану кабинеті» мен парсы тілі бөлімі табысты жұмыс істейді. Каллиграфия мәдениетте ерекше орын алады. Мұндай жас каллиграфия шеберлерінің болуы бұл қолөнердің танымал екендігін көрсетеді, - деді ректор.

Иранның Қазақстандағы елшісі Маджид Самадзаде Сабер екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жақсы деңгейде дамып келе жатқанына назар аударды және елшілік пен жоғары оқу орны үнемі бірлескен іс-шаралар өткізіп отыратынын атап өтті.

Каллиграфияда исламдық мәдени мәтіндер қолданылады. Дала өркениетінің данышпандары әл-Фараби, Яссауи, Абай осы хатпен өз туындыларын жазды. Егер қазақстандық студенттер ел тарихын ежелгі деректер арқылы тереңірек зерттегілері келсе, оларға осы каллиграфияны үйрену керек, - деді дипломат.

Каллиграфия шебері Мохсен Ибрахими өз кезегінде қатысушыларға осы ежелгі өнердің тарихы мен маңызы туралы кеңінен айтып берді.

Іс-шара каллиграфияға қызығушылық танытқан жандар үшін шеберлік сыныбымен аяқталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы