Eurovision – 2026: Израиль қатысатын болғандықтан, бірнеше ел байқауға бойкот жариялады

Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) мүшелерінің көпшілігі Израильдің 2026 жылғы "Eurovision" ән байқауына қатысуына қосымша дауыс беру қажет емес деп шешті, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Словения, Ирландия, Испания және Нидерланды қоғамдық телеарналары байқауға дейін Израильдің қатысуы Газа секторындағы әскери әрекеттерге байланысты болса, конкурстан шығуға мәжбүр болатынын ескерткен. Дауыс беруден кейін Ирландия, Испания және Нидерланды ресми түрде "Eurovision – 2026" байқауына бойкот жариялады.

Осылайша, Израиль байқауға қатыса алады, ал бірнеше еуропалық ел бұл шешімге қарсылық білдіріп, өз қатысуын тоқтатты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: en.euromix.co.il
Өзгелердің жаңалығы