"Eurovision-2023" бас жүлдесін швециялық әншісі жеңіп алды

Әлемдік байқауда швециялық әнші Loreen үздік атанды. Ол Tattoo әнін орындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Швециялық орындаушысының өнері көрермендердің дауыс беру нәтижесінде 583 ұпай жинады. Айтпақшы, бұл Лориннің Евровидениедегі екінші жеңісі. Ол 2012 жылы «Эйфория» әнін орындап, жеңімпаз атанған болатын.

Швециялық орындаушысына кезекті жеңіс әкелген Tattoo әні екі адамның бақытты болу үшін басынан өткеретін сынақтарды туралы ән. Екінші орынды финляндиялық Käärijä иеленді. 37 елдің көрермендері мен қазылар алқасы оның Cha Cha Cha шығармасын 526 ұпаймен бағалады. Ән байқауының финалында үшінші орынды израильдік әнші Ноа Кирел алды. Оның Unicorn әні 362 ұпай жинады.

Биылғы жарыс Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Тwitter/Eurovision
Өзгелердің жаңалығы