Еуропарламент сайлауына келушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЕуроОдақ елдеріндегі сайлаушылардың белсенділігі 51% жуықтап, 2014 жылдағы көрсеткіштен асты.

Еуропарламенттегі сайлауға келушілердің саны олардың белсенділігін көрсетті және өткен жылдардағы көрсеткіштен асып түсті. Бұл туралы Интерфакс агенттігі жазады.

Еуропарламент баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЕуроОдақтың 27 елінде (Ұлыбритания жоқ) келушілердің көрсеткіші 51% жуықтады.
Егер Біріккен Корольдіктегі келушілердің деректерін қосса, жалпы көрсеткіш 49-дан 52% жетеді.

ЕуроОдақ елдерінде барлығы 426 миллион сайлаушы бар. Еуропарламентке тікелей сайлау 1979 жылы енгізілді. Алғашқы сайлауға келушілердің көрсеткіші 61,99% болды. Бірақ кейін белсенділік төмендеп, 2014 жылы 42,61% құрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы