Еуропарламент Қазақстандағы демократиялық реформаларды қолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді "Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ" Ынтымақтастық Кеңесінің 17-ші отырысына қатысу шеңберінде Еуропалық Комиссияның Вице-президенті - ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Борреллмен кездесті.

Сонымен қатар министр, Еуропалық Парламент депутаттары тобымен, оның ішінде ҚР-ЕО Достық тобы және Орталық Азия мен Моңғолия бойынша Еуропарламент делегациясының мүшелерімен жүздесті.

Еуропалық Парламент депутаттары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ҚР-дің жаңа демократиялық реформаларының әлеуетін атап өтті.

Депутаттар ҚР Президентінің елдегі өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қосылу туралы шешімін, сондай-ақ бейбіт жиналыстар, жала жабуды декриминализациялау, саяси партиялар құру үшін шегін төмендету жөніндегі заң жобаларын дайындау бастамаларын және т. б. қолдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы