Еуропанының ірі навигациялық жүйесі сынып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропаның жаһандық навигациялық жер серіктік жүйесі - Galileo жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Хабарланғандай, қолданушылар ғарыш станциясының навигациялық сигналдарын қолдана алмай отыр. Басты проблема Италиядағы нақты уақытпен байланыстырылуда. Қазіргі таңда бірде бір жерсерігі жұмыс істемейді.
Galileo — Еуропалық одақ пен Еуропалық ғарыш агенттігінің бірлескен навигация жүйесінің жерсеріктің жобасы. Ол «Трансеуропалық жүйелер» көлік жобасының бір бөлігі. Galileo жүйесі жоғары сапалы навигациялық қызмет көрсетуге бағытталған. Ол америкалық GPS және ресейлік ГЛОНАСС сынды баламалармен салыстыруға тұрарлықтай. Алайда еуропалық жүйе тек азаматтық мақсатта қолданылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ құтқарушылары елордада жаппай рейд өткізді
Өзгелердің жаңалығы