Еуропаның үздік ойыншысы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Голландия құрамасының және Англияның «Ливерпуль» командасының қорғаушысы Вирджил ван Дейк Еуропаның 2018/19 жылғы маусымының  үздік ойыншысы атанды.

Кеше түнде Монакода УЕФА Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі және үздік ойыншыны марапаттау рәсімі өтті.  
Сондай-ақ кәрі құрлықтың үздік ойыншысы атануға «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду және және «Барселона» ойыншысы Лионель Месси де үмітті болған. Осылардың ең көп дауыс жинаған - Вирджил ван Дейкү.
 
Ал әйелдер арасында ағылшын Люси Бронз үздік атанды. 27 жастағы қорғаушы былтырғы маусымда Францияның «Лион» командасымен әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасында топ жарған. 

28 жастағы ван Дейк осы атаққа қол жеткізген алғашқы қорғаушы. Ол былтыр «Ливерпуль» сапында УЕФА Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы