“Еуропамен салыстырғанда төмен”. Министр әуе билеті неге қымбат екенін түсіндірді

Үкімет баспасөз орталығында Көлік министрі Марат Қарабаев ұшақ билетінің бағасына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері Көлік министрінен әуе билеттері неге қымбаттап жатқанын сұрады.

FlyArystan құрылғалы бері 56 пайыз билеттері жеңілдетілген бағамен сатылған. Сондықтан компания функциясын толығымен орындап жатыр. Қазір 19 қыркүйекке Астана-Алматы бағытына билет қарап отырмын. Онда бағасы 19 491 теңге… Жалпы, билет бағасы бойынша бірнеше рет түсініктеме бердік. Оның бағасы мемлекеттің тарапынан қадағаланбайды. Бұл - нарықтық экономика. Иә, бұрын билет құны 12-16 мың теңгеден болды. Одан бері біраз уақыт өтті, – деді Қарабаев.

Министр билеттің құны бірнеше бөліктен тұратынын айтады.

Билеттің 60 пайыз құны жанармайға кетеді. Өздеріңізге мәлім, жанармайды бағасы да өсті. Екіншіден, ұшақты күтіп ұстау керек. Оның қозғалтқыштары мен бөлшектері бағасы тағы бар. Олардың да бағасы шетелдік валютада көтеріліп отыр. Мұның бәрі билет бағасына әсер етеді, – деді ведомство басшысы.

Қарабаеавтың айтуынша, SCAT компаниясы да жеңілдетілген билет жүйесін енгізіп жатыр.

Мәселен, FlyArystan болмағанда SCAT бағасын жоғары ұстап отыратын еді. Яғни екі компания арасындағы бәсекенің арқасында SCAT та бағасын төмендетіп жатыр, – деді министр.

Қарабаев ұшақты күтіп ұстауға кететін қаржы бүкіл елде бірдей екенін атап өтті.

Батыс Қазақстанға дейінгі шақырымды алып, Еуропадағы сол бағытты салыстырсақ, бізде бағасы бірдей немесе кейде төмен болады. Егер, әрине шақырымды алар болсақ. Жалпы, шетел нарығында бәсекелестік бар әрі компанияларының ұшағы көп. Дегенмен, біздің ұшақтардың бағасы бірдей немесе кейде төмен болатыны байқалады, – деді көлік министрі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов жылыту маусымына дайындығы төмен өңірлердің әкімдерін сынағаны туралы жазғанбыз. Еліміздің 6 өңірінде көмірді жеткізу жұмыстары баяу жүріп жатыр. Білім беру нысандарының дайындығы - 88 пайыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы