Еуропалық қайта құру және даму банкі жаңа жобаға 30 млн доллар бөлмек
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Еуропалық қайта құру және даму банкі шағын бизнес пен жеке тұлғаларға да қолжетімді болатын несиелеуге 30 млн доллар көлемінде қаржы бөлмек.
Бұл туралы бүгін ЕҚДБ Қазақстандағы басқарушы директоры Агрис Прейманис қазақстандық пресс-клуба өткен онлайн брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, қаржыға несие немесе грант түрінде жасыл экономика бағдарламасы аясында қол жеткізуге болады. Еуропалық қайта құру және даму банкі Жасыл экономикаға бағытталған жобаны Қазақстанда да жүзеге асырмақ.
Еуропалық қайта құру және даму банкі, Австрия елінің Қаржы министрлігі мен Жаһандық экологиялық қоры Қазақстанда да Жасыл экономика бағдарламасын (GEFF) жүзеге асырмақ. Оның аясында жасыл экономикаға бағытталған жобалар қаржыландырылатын болады. ЕҚҚДБ Жасыл экономика бағдарламасын әлемнің 27 елінде 145 қаржы серіктесі арқылы жүзеге асырған. Бұл жобалар кәсіпорын мен тұрғын үйлердің энерготиімділігін арттыруға бағытталған, - деді ЕҚҚДБ Қазақстандағы басқарушы директоры Агрис Прейманис.
Бағдарлама аясында 2023 жылдың қыркүйегіне дейін GEF бағдарламасының сайтындағы «Жасыл технологиялар Селекторының» каталогынан өнімді таңдап, бағдарламаның қаржы серіктестері арқылы несиеге қол жеткізуге болады.
Өндірушілер мен жабдық жеткізушілер үшін GEFF бағдарламасына және «Жасыл технологиялар селекторына» қатысу тегін. Мұнда шағын табысы бар адам да өзіне қолайлы қаржылық шешім табады, - деді GEFF бағдарламасының Қазақстандағы жетекшісі Оксана Булгакова.
Оның айтуынша, бағдарламаға шағын қала тұрғындары да қатыса алады. Және ол кәсіпорындар үшін ғана емес, қарапайым азаматтар үшін де қолжетімді. Мұнда аз пайызбен 60 айға дейін берілетін несие ғана емес, грант та қарастырылған. Барлық ақпарат пен шартты GEF бағдарламасы сайтынан табуға болады.