Еуропалық Одақта матаны жоюға тыйым салынады
Еуропалық Одақ сатылмаған матаны жоюға тыйым салуға ниетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұйымға мүше елдер осындай заң қабылдауды қолдады. Себебі, ол ортақ аймақта қоршаған ортаға зиян келтіретін басты қалдық болып саналады. Бұл туралы Хабар24 жазды.
Жыл сайын Одақ аумағында қоқысқа 6 миллион тоннадай мата тасталады екен.
Осымен қатар жаңа заңда тауардың экологиялық тұрғыдан қаншалықты таза екенін көрсететін, өнімнің цифрлық төлқұжаты енгізілмек.
Бүгінгі шешім жасыл экономиканы дамыту мен ортақ нарықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Бұл жабық циклді экономиканы дамытып, қоршаған ортаны қорғау үшін шығарылатын өнімдерге тиісті талаптар қоюға мүмкіндік береді, - деді Швецияның кәсіпкерлік және өнеркәсіп министрі Эбба Буш.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бас прокуратурада бизнесті қорғау сұрақтары қаралды
Өзгелердің жаңалығы