Кеше 2026, 08:43 Фото: depositphotos.com

Еуропалық одақ үшінші елдерге депортация тәртібін жаңартты

Еуропалық одақ босқындарды үшінші елдерге депортациялау тұжырымдамасын мақұлдап, қауіпсіз елдердің ортақ тізімін бекітті.

Еуропалық кеңес сайтында хабарланғандай, ЕО көші-қон ережелерін қатаңдатты. Кеңес алғаш рет бүкілодақтық "қауіпсіз шыққан елдер" тізімін қабылдап, сондай-ақ "қауіпсіз үшінші ел" тұжырымдамасын қайта қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл екі заңнамалық акт ЕО-ның көші-қон саясатының тиімділігін арттыруға бағытталған.

Жаңа ережелерге сәйкес, ЕО елдері заңсыз мигранттарды үшінші мемлекеттерге депортациялай алады. Ол үшін енді сол елмен жасалған келісімнің болуы жеткілікті.

Сонымен қатар, ЕО "қауіпсіз ел" мәртебесін ресми түрде бекітті. Бұл – аталған мемлекеттердің азаматтары халықаралық қорғауға мұқтаж емес дегенді білдіреді. Енді мұндай елдерден келген босқындар отанына қайтарылған жағдайда азаптау, қудалау немесе елеулі кемсітушілік қаупі бар екенін өздері дәлелдеуі тиіс.

Қауіпсіз елдер тізіміне мыналар енгізілді:

Бангладеш

Колумбия

Египет

Үндістан

Косово

Марокко

Тунис

Бұдан бөлек, ЕО-ға үміткер елдер де «қауіпсіз елдер» қатарына енгізіледі. Алайда мына жағдайларда бұл ереже қолданылмайды:

елде халықаралық немесе ішкі қарулы қақтығыс болса;

ЕО тарапынан негізгі құқықтар мен бостандықтарға қатысты шектеу шаралары енгізілсе;

үміткер ел азаматтарының халықаралық қорғау туралы өтініштерін қанағаттандыру үлесі 20%-дан асса.

Қазіргі таңда ЕО-ға үміткер мемлекеттер:

Албания

Босния және Герцеговина

Грузия

Молдова

Солтүстік Македония

Сербия

Түркия

Украина

Черногория

Жаңа өзгерістер 2026 жылғы 12 маусымнан бастап күшіне енеді.