Еуропалық Одақ – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі
Еуропалық Одақ сауда саласындағы Қазақстанның ең ірі серіктестерінің бірі. Бүгінде еліміздің сыртқы саудасының шамамен 30%-ы Еуроодақтың үлесіне тиесілі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.тілшісі.
Біз екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты арттыру мақсатында жұмыстар атқарып жатырмыз. Бүгінде Еуропалық 3 мыңнан астам компания елімізде түрлі салаларында табысты жұмыс істейді, оның ішінде Shell, Eni, Total, Air Liquid, Alstom, Siemens және басқа да көптеген компанияларды атап өтуге болады. Қазақстан машина жасау, темір, болат, тамақ өңдеу және ауыл шаруашылығы сияқты салаларда жылына 2,3 миллиард доллардан асатын өңделген өнімдердің 175-тен астам түрін ұсына алады. Біздің ел ең ірі астық өндіруші мемлекет, ЕО-ның стратегиялық серіктесі, - дейді Әлихан Смайылов.
Премьер-Министр сондай-ақ Қазақстанның еуропалық инвесторлармен еліміздің аграрлық секторында бірлескен технологиялық жобаларды жүзеге асыруды қолға алатынын атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министрлік ауыл мектептерін дамыту тұжырымдамасын әзірлеп жатыр
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы