Еуропалық Одақ Хамастың Израильге шабуылын айыптады
Еуропалық Одақтың Жоғары өкілі Жозеп Боррель Израильге жасалған шабуылдарға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еуропалық Одақ Хамастың Израиль аумағына бей-берекетсіз жасалған соққыларын айыптайды және адамдардың құрбан болғанына өкініш білдіреді.
Еуропалық Одақ шиеленіскен жағдайды одан сайын ушықтырып, Палестина халқының бейбіт өмірге деген үмітін үзетін мән-мағынасы жоқ шабуылдар мен зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуға шақырады. Еуропалық Одақ бүгінгідей бей-берекетсіз, аяусыз жасалған шабуылдар жағдайында өзін халықаралық заңдарға сәйкес қорғауға құқы бар Израильді қолдайды,-делінген хабарламада.
Еуропалық Одақ Таяу Шығыстағы бейбіт процестерді қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тың серпін бере отырып, мықты әрі тұрақты бейбіт өмір қалыптастырудың маңызды екенін еске салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
Әскерге шақырылған сарбаздар Отанға адал болуға ант берді
Өзгелердің жаңалығы