3 Қараша 2025 2025, 09:16 Фото: KazFootball.kz

Еуропалық футбол клубы "Қайраттың" қақпашысына қызығушылық танытып отыр

Болгарияның ЦСКА София футбол клубы Қазақстан құрамасы мен алматылық "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбековке қызығушылық білдіріп отыр. 22 жастағы қазақстандық қақпашы Премьер-лигада жарқырап, "Селтикке" қарсы ойында үздік өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.

ЦСКА София – Болгариядағы ең атақты клубтардың бірі. Команданың қоржынында 31 чемпиондық атақ пен 21 ел Кубогы бар. Қазір клуб ұлттық біріншілікте жетінші орында тұр.

Анарбеков – "Атырау" академиясының түлегі. Кейін ол «Қайратқа» ауысып, астаналық "Жеңіс" клубында жалға ойнаған. Биылғы маусымда жас қақпашы Премьер-лиганың жарқын ашылуына айналды: ол Александр Заруцкийдің орнын сенімді түрде басып, "Қайраттың" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама беретін матчта шотландиялық "Селтикті" жеңуіне зор үлес қосты.

Сондай-ақ ол Кипрдің "Пафосына" қарсы ойында (0:0) тамаша ойын көрсетіп, бес соққыны қайтарды. Осы әсерлі ойынының арқасында болгариялық клуб оның кандидатурасына назар аударып, алдағы қыста келісімшартқа қол қою мүмкіндігін қарастырып жатыр.