Еуропалық одақ елордадағы жасыл желек санын көбейтті

Нұр-Cұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі ЭКСПО аумағында 27 түп ағаш отырғызды. 

Бұл шара Еуропалық Одақтың климаттық дипломатиясы және #EU4GreenKZ науқаны аясында жүзеге асырылды.



Қазақстандағы Еуропалық Одақ елшісі Свен-Олов Карлссонның айтуынша, 27 түп ағаш бұл Еуропалық Одаққа кіретін мемлекеттер саны.


Еуроодақ Қазақстанның орнықты даму жолында жасаған батыл қадамдарын жоғары бағалайды. 2013 жылы Қазақстан «жасыл» экономикаға көшу бойынша жоспарды іске қосты. Бұл - Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі ең батыл жоспарлардың бірі. Біз екіжақты және аймақтық «жасыл» бағдарламаларымыз арқылы Қазақстанның бұл жетістіктеріне үлес қосқанымызды мақтан тұтамыз. Қоршаған орта мен «жасыл» экономика саласындағы ынтымақтастық – 2020 жылдың наурыз айында күшіне енген Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптeстік пен ынтымақтастық туралы келісімнің басты бағыттарының бірі, - деп атап өтті ол.



Еуропалық Одақ климаттың өзгеруіне қарсы күрес бойынша халықаралық іс-қимылдардың алдыңғы қатарында. Сондай-ақ, ол және серіктес елдердің климаттың өзгеруіне, қоршаған орта мен экожүйелерді қорғауға бағытталған жұмысын қолдайды. 2015-2018 жылдар аралығында одақ елдің экологиялық тұрақтылығы мен экономикалық дамуына қамтамасыз етуге бағытталған 7 миллион еуро құрайтын жасыл экономика моделіне көшуін қолдады.



Шараға қатысқан Экология, геология және табиғи ресурстарды қорғау министрі Мағзұм Мырзағалиев 2022 жылға қарай елорданың жасыл белдеуі  1100 гектарға жететін айтты. 



Қазіргі күні Нұр-Сұлтан маңында 137 млн-ға жеткен тағы 50 млн түп ағаш отырғызу көзделген. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та елдің жасыл экономикаға көшуін және экологиялық ахуалды жақсартуға өз Жолдауларында үнемі атап өтеді. Қазақстанда осы бағытта көптеген шара атқарылып келеді. Жуықта қабылданатын жаңа экологиялық кодекс - солардың бірі, - деп атап өтті ол.



Дипломаттар 15 көк шырша және 12 емен ағашын отырғызды. Бұл ағаштар Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы достық пен “жасыл” және тұрақты болашаққа ортақ бейілділіктің нышаны болмақ.









Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы