Еуропаға бару үшін пайдаланады: ҰҚК шекарадан заңсыз өтпек болғандардың санын атады
Жыл басынан бері Қазақстан шекарасын қанша адамның заңсыз кесіп өтпек болғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов мәлімдеді. Оның айтуынша, 4,5 мыңға жуық адам шекараны заңсыз кесіп өтпек болған.
Биыл бірінші тоқсанда еліміздің шекарасын 4,5 мыңға жуық адам заңсыз кесіп өтпек болған. Бұл мәлімет бүкіл шекара қызметі бойынша жинақталды. Олардың шекараны бұзу әрекеттері әртүрлі болған. Яғни Қазақстан кірмек болғандар да, елден шықпақшы болғандар да кездескен. Шекараға заңсыз өту әрекеті негізінен көрші мемлекеттерден тіркелді. Ауғанстан, Сирия мемлекеттерінен өткісі келгендер кездеспеді. Пәкістаннан бір адам болды. Олар Қазақстан аумағын әдетте транзит ретінде қолданады. Еуропа елдеріне шығу үшін біздің шекарадан өтеді, - деді Ерұлан Алдажұманов Сенаттың кулуарында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Шекарадан заңсыз өтпек болғандардың барлығына қатысты қылмыстық іс қозғалып, мәселе анықталған соң экстрадация жасалады.