Еуропада жер-жерде шектеу шаралары күшейтілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жағдайдың нашарлауы бірқатар еуропалық елде карантиндік шаралардың қатаңдатылуына алып келді. Бұл туралы Euractiv басылымы хабарлады.

Германияның Гютерсло (Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды жері) округінде билік жергілікті кәсіпорындардың бірінде коронавирус инфекциясы шыққаннан кейін мектептер мен балабақшаларды жауып тастады. Мектептер 29 маусым күні жазғы демалыс басталғанға дейін жабылды. 

Солтүстік Грецияда Ксантидегі Ехинос қауымдастығының тұрғындары COVID-19 таралуын болдырмау үшін жеті күнге қатаң карантин шараларын белгіледі. Соңғы күндері өңірде 73 жаңа оқиға және төрт өлім тіркелді.

Болгария коронавирусты анықтаудың рекордтық жоғары деңгейі туралы хабарлады. Елде жалпы 112 жағдай анықталған, оның 35-і жергілікті фельдшердің салғырттығына байланысты Шуменск ауданында тіркелді. Болгарияда COVID-19 инфекциясы расталған оқиғалардың саны 3453-ке жетті.

Словения билігі көршілес елдердегі эпидемиялық жағдайдың нашарлауы жағдайында карантинді қатайту мүмкіндігін қарастыруда деп мәлімдеді елдің Денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропадағы коронавирус жағдайының нашарлағанын мәлімдеген болатын. Вирус жұқтырудың жаңа жағдайларының көрсеткіші Еуропалық өңір бойынша орташа алғанда тәулігіне 17-20 мың жағдай белгісінде тіркелуде.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы