Еуропада ыстықтан өзендер мен көлдердің суы тартыла бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропадағы аптап ыстықтан кей елдерде өзендер мен көлдер суалып, экологиялық апат туындап жатыр, деп хабарлады «Хабар 24».
Мысалы Германияның Ганновер аймағында жергілікті көлдің бірі мүлдем құрғап, балықтар қырылып қалған. Өзге де шағын көлдер осындай күйде. Табиғат қорғаушылар таязданып бара жатқан айдыннан балықтарды аулап, суы мол жерлерге жіберуде. Ал Францияның Крёз аймағында жаз бойы жаңбыр жаумай қорықтағы көлдің аумағы 100 гектардан 15 гектарға дейін азайған. Аптап ыстықтың беті қайтар түрі жоқ. Осыған байланысты билік елдің орталық бөлігінде суды пайдалануға шектеулер енгізген. Бақ суғаруға, көлік жууға шектеулер қойылған. Ал мамандар «аптап ыстық құрлықта тұрақты түрде қайталанып, Еуропаның ландшафтын өзгертеді», деп отыр.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы