Еуропада вирус жұқтыру жағдайы артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда тәулігіне коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 41 мыңға артты. 

Соңғы тәулікте COVID-19-бен ауырған 550 науқас қайтыс болған. Кампания және Тоскана «қызыл аймаққа» енді. Елде «қызғылт сары аймақтардың» қатары да кеңейіп келеді. Мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесі көп ауыртпалық түсуде.

Испанияда соңғы тәулік ішінде 21 мыңнан астам COVID-19 жұқтырған адам анықталды. Сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 498 жағдайды құрады. Бұл ел үкімет белгілеген шектеу енгізілетін шекті мән.

Ұлыбритания ауруханаларында COVID-19-дан 15 мыңға жуық адам емделуде. Коронавирустың көбею коэффициенті бәсеңдеп 1-ден 1,2-ге дейінгі аралықта. Ел билігі вирустың таралу жылдамдығы төмендей бастағанына қарамастан, шектеулерді жеңілдетілуі бұл үрдіске теріс әсер етуі мүмкін деп есептейді.

Францияда ахуалы нашар COVID-19 науқастарының саны 4900-ден аспайды. Жалпы ел көлемінде ауыр науқастарға арналған 7700 төсек бар. Олардың үштен екісі бос емес. Ел билігі қажеттілік туындаса, елдегі қарқынды терапиядағы орындардың санын 10400-ге дейін көбейтуге болатындығын айтады. Ел үкіметі карантиндік шаралардың  жеңілдетілмейтіндігін жеткізді.

Австрияда қайтадан ұлттық карантин енгізілуде. Сейсенбіден бастап далаға тек орынды себептермен шығу мүмкін болады. Мектептер қашықтықтан оқытуға көшеді, қызмет көрсету кәсіпорындары мен дүкендердің көпшілігі жабылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы