Еуропада құс тұмауы өршіп тұр

Бұл туралы Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің (EFSA) мәліметтерінде жарияланған, деп хабарлады BAQ.KZ.

Статистикаға сәйкес, өткен жылдың күзінен бері вирустың кесірінен Еуропа фермаларында 47,7 млн құстың көзі жойылған. Шаруа қожалықтарында 2500-ге жуық құс тұмауын жұқтырған қанатты тіркелсе, жабайы табиғатты мекендейтін 3500 құстан тұмау анықталған. Ал хайуанаттар бағындағы құстарда 190 жағдай тіркелді. Індет Португалиядан норвегиялық Шпицберген архипелагына дейінгі бүкіл Еуропаны қамтыған. Барлығы 37 елде құс тұмауы тіркеліп отыр.

Бұрын құс тұмауы маусымдық жазғы ауру деп есептелсе, сарапшылар қазір вирустың жыл бойы таралатынын айтады. Инфекцияның құстардан адамға жұғу жағдайы тіркелмесе де, теориялық тұрғыдан қауіп бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы