Еуропада маймыл шешегінен алғашқы кісі өлімі тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропадағы маймыл шешегінен алғашқы кісі өлімі Испанияда тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Испанияның Денсаулық сақтау министрлігі 29 шілдеде маймыл шешегінен алғашқы кісі өлімі тіркелгені туралы хабарлады, деп жазады El Pais және Las Provincias. Ол жұқтырған инфекцияға байланысты өршіген энцефалиттен қайтыс болды.
БАҚ-тың хабарлауынша, бұл - Еуропада билік растаған маймыл шешегінен алғашқы өлім-жітім жағдайы. Сол күні Бразилия да елде алғашқы жағдай анықталғаны туралы хабарлады. Бұған дейін маймыл шешегінен кісі өлімі тек Африка елдерінде тіркелген.
Қазіргі уақытта әлемнің 70 елінде маймыл шешегінің 21 мыңға жуық жағдайы анықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтауда тағы бір әскери қызметші қайтыс болды
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы