Еуропада коронавирустың жаңа түрі анықталды

Еуропада коронавирустың жаңа түрі анықталды, деп хабарлады BAQ.KZ «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты Қытайда қайтадан локдаун жарияланды. Америкалық сарапшылар да коронавирусың беті әлі қайтпағанын айтады. Мұнда індеттен апта сайын 2 жарым мың адам көз жұмады.

 Америкалық мамандарды алаңдатып отырған тағы бір мәселе бар. Қазір балалар арасында «тридемия» тез тарап барады. Яғни олар бір уақытта респираторлық вируспен, тұмау және коронавируспен жиі ауыратын болған. Кәрі құрлықта алдағы аптада коронавирустың жаңа толқыны басталады. Дәрілік заттардың еуропалық агенттігінің өкілдері осындай ескерту жасады. Мамандар омикронның жаңа мутацияларына қатысты алаңдаулы. Өйткені өткен аптада Еуроодақтың 5 елінде жаңа Би.Кью-1 атты штамм анықталған. Желтоқсанның басына таман кәрі құрлықта ол басым мутацияға айналуы мүмкін деген болжам бар. Күн суытқанда онсыз да тұмаудың тез тарайтыны белгілі. Сондықтан мамандар жұртты коронавирусқа да, тұмауға да қарсы вакцина салдыруға шақырады.

Пандемия әлі аяқталған жоқ. Сондықтан тағы да айтамыз, екпе салдырыңыздар! Қайта вакциналау туралы да ұмытпаңызадр. Қазір омикронның Би-Кью-1 штамы тез тарап барады. Қола бар мәліметке сәйкес ол басқа мутацияларға қарағанда тез жұғады әрі салдары ауыр, - деді дәрілік заттардың Еуропалық агенттігінің бөлім басшысы Марко Кавалери.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы