Еуропада инфрақұрылымға үлкен шығындар жұмсалмайды – Премьер-министр

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте BAQ.KZ тілшісі сұрағына жауап беру барысында айтты.

BAQ.KZ тілшісі сапалы жол инфрақұрылымын, оның ішінде ақылы жол жүйесін дамыту бағытындағы Үкіметтің жоспарлары туралы сұраған еді. Бектенов сұраққа жауап беру барысында еліміздің инфрақұрылымға бөлінетін инвестицияларын Еуропа елдерімен салыстырып кетті.

Өздеріңіз білетіндей, жеріміз кең-байтақ. Жолдың өзін салу үшін қомақты қаржы, қомақты инвестиция керек. Мысалы Еуропа елдерін айтатын болсақ, олардың территориялары ондай емес. Сондықтан инфрақұрылымға да ондай үлкен, ауқымды шығындар жұмсалмайды. Ал бізде осындай кең-байтақ даламыз болғаннан кейін ірі инвестициялар керек. Бірақ біз кезең-кезеңімен оны іске асырамыз, - деді Премьер-министр.

Еске салайық, Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектенов және оның орынбасарларының қатысуымен БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингі өтіп жатыр.

Бұған дейін Бектенов экономикалық өсімді сақтау үшін тапсырмалар берген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы