Еуропада газдың мың текше метрінің бағасы 659 долларға дейін түсті
Сауда барысында ең жоғары баға 719,5 долларды (+5%), ал ең төменгі көрсеткіш 645,7 долларды (-5,8%) құрады.
Еуропада табиғи газ бағасы төмендеді.
Нидерландтағы Еуропаның ең ірі газ хабы саналатын TTF индексі бойынша қыркүйек айындағы фьючерстік келісімшарттар сауда-саттықты мың текше метріне 692,3 АҚШ долларынан бастап, өткен сауда күнінің жабылу бағасымен салыстырғанда 1 пайызға жоғары ашылды.
Сауда барысында ең жоғары баға 719,5 долларды (+5%), ал ең төменгі көрсеткіш 645,7 долларды (-5,8%) құрады.
Осылайша, газ бағасы сауда барысында 659 доллар шамасына дейін төмендеді.
Баға динамикасы алдыңғы сауда күнінің есептік жабылу бағасы – мың текше метріне 685,3 АҚШ доллары негізінде есептелген.