Еуропада газдың биржалық бағасы 4%-ға өсті
Лондондағы ICE биржасының деректеріне сәйкес.
Еуропада газдың биржалық бағасы дүйсенбі күні кешке 4%-ға өсіп, мың текше метріне 825 долларға жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz «Прайм» агенттігіне сілтеме жасап.
Еуропадағы ең ірі газ тарату орталығы – Нидерландта орналасқан TTF индексі бойынша қыркүйек айындағы (ең жақын) фьючерстер сауданы 800,1 доллар деңгейінде ашты (+0,5%).
Қазіргі уақытта бағаның ең төменгі көрсеткіші 788 доллар (-1%), ал ең жоғары көрсеткіші 834,9 доллар (+4,9%) болды.
Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де газдың бағасы 825,4 долларды құрады, бұл 3,7%-ға өскенін көрсетеді. Баға динамикасы алдыңғы сауда күніндегі есептік құн – мың текше метріне 796,1 доллармен салыстырылып отыр.
Таяу Шығыстағы қақтығыс Еуропада газ бағасының айтарлықтай қымбаттауына алып келді. Наурыз айындағы орташа биржалық бағалар ақпан айымен салыстырғанда 60%-ға жуық өсіп, мың текше метріне 600 доллардан асты.