Еуропада газ бағасы 7%-ға дейін арзандады
Лондонның ICE биржасының мәліметтері бойынша
Еуропадағы биржаларда газ бағасы дүйсенбі күні кешке қарай төмендеуін жеделдетіп, 7%-ға арзандады.
Баға мың текше метріне 876 долларға дейін түсті, – деп жазды «Прайм» басылымы.
Еуропадағы ең ірі газ хабтарының бірі – Нидерландтағы TTF индексі бойынша қазан айындағы ең жақын фьючерстер сауданы 956,1 доллар деңгейінде ашты. Бұл күннің ең жоғары бағасы болды.
Сауда барысында баға 865,5 долларға (-8,3%) дейін төмендеді. Қазақстан уақыты бойынша 23:53-те көрсеткіш 875,5 долларды құрап, 7,2%-ға арзандады.
Баға динамикасы алдыңғы сауда күнінің есептік бағасы – 943,7 доллар деңгейімен салыстырылып отыр.
Таяу Шығыстағы қақтығыс Еуропада газ бағасының айтарлықтай қымбаттауына әкелді. Нәтижесінде наурыз айындағы орташа биржалық баға ақпан айымен салыстырғанда 60%-ға жуық өсіп, мың текше метріне 600 доллардан асты.